Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қостанай облысында шағын кәсіпкерлікті қолдау

«Еңбек» бағдарламасы бойынша Қостанай облысында өткен жылы шағын кәсіпкерлікті дамытуға 1,3 миллиард теңгеден астам қаржы бағытталды. Аграрлық несие корпорациясы арқылы ауылды жерлерде жеке кәсібін ашуға және дамытуға несие берілді.

Ұзынкөл ауданында дәмхана-мейрамхана ашуға жеңілдетілген несие алғандардың бірі - Көгершін Төлегенова. Көп балалы анаға жылдық 4 пайызбен несие беріліп, қаражатқа құрал-жабдықтар алынып, айналым қаражаттары толықтырылды.

- Бұрыннан мал шаруашылығы, егіншілікпен айналысатынбыз, – дейді «Томирис» ЖК басшысы К.Төлегенова. – Аудан орталығымызда мерекелік банкеттер, естелік ас және т.б. отбасылық іс-шараларды өткізуге орындар жеткіліксіз. Сондықтан бизнестің жаңа бағытын ашуды жөн көрдік. Ғимаратты өз ақшамызға сатып алдық, ал жөндеу жұмыстарына қажетті құрылыс материалдары мен құрал-жабдықтарды сатып алуға қаражатты Аграрлық несие корпорациясынан алдық.

«Бизнес Бастау» бағдарламасы бойынша оқуды аяқтап, бизнес-жоспар дайындаған кәсіпкер корпорацияның Қостанай филиалына жүгінді. Толық құжаттар топтамасы қалыптастырылғаннан кейін несие мақұлданып, өткен жылдың желтоқсан айында жаңа «Томирис» дәмханасы ұзынкөлдіктерге есігін айқара ашты.

Жалпы, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында қостанайлық кәсіпкерлер 7,8 млрд теңгенің 1997 несиесін алды.