Бүгін «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы Қанат Шарлапаев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ және «ҚазАгроҚаржы» АҚ басшылығымен кездесті. «Аграрлық несие корпорациясының» Басқарма Төрағасы Алмат Әшірбеков жалғыз акционерді несиелендіру бағдарламаларының, атап айтқанда көктемгі дала жұмыстары кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдауға бағытталған «Кең дала» бағдарламасының жүзеге асырылу барысы туралы хабардар етті. Осы күні Аграрлық несие корпорациясында филиал директорларының қатысуымен жиын өтті. Директорат барысында филиалдардың 5 айдағы қызметінің аралық қорытындылары шығарылып, «Кең дала» бағдарламасын жүзеге асыру мен корпорация қызметінің басқа да өзекті мәселелері талқыланды. Корпорация басшылығы өңірлік құрылымдық бөлімшелер басшыларына ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қаржыландыру, несиелік қоржынның сапасын арттыру және 2022 жылға арналған міндеттер мен жоспарларды орындау бойынша нақты тапсырмалар берді.