Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Алма егіп, қойма салған

Бұрын өзі агробизнеспен айналыспаса да Рахим Машухейдің атасы алма өсірген бағбан болған екен. Содан болар, немересі де осынау қанда бар қасиеттен алыс кетпеді. Інісі Ілияспен бірге «Азия Сад» ЖШС құрып, бір кездері алма өсірумен аты шыққан Жамбылдың Қордай өңірінде бақ ашуды көздейді. Әрі анау-мынау емес, соңғы технологияға негізделген 118 гектар интенсивті алма бақ. Ал заманауи баққа біраз қаржы керек болғасын серіктестік басшысы былтыр Аграрлық несие корпорациясына жүгінеді.

«Голден Делишес», «Ред Делишес», «Айдаред», «Гала» сынды алманың итальяндық бірнеше сортын ектік. Көшеттерді Италиядан арнайы әкелдік. Алғашқы жылы мың тонна алма тердік, соның ішінен іріктеп 500 тоннасын саттық. Ал өнімді өткізуден қиындық жоқ, клиенттер көтерме бағамен сатып алды. Жалпы, еліміздегі бағбандар ішкі нарықтың алмаға деген сұранысының 70 пайызын ғана өндіреді, қалғаны шетелден импортталады», - дейді «Азия Сад» ЖШС басшысы Рахим Машухей.

Еуропалық технологияға арқа сүйеген бақта алманың түсімі жыл сайын көбейеді. Биылғы меже - 2 мың тонна. Біртіндеп толық қуатына шығып, 6 мың тоннаға дейін алма термек. Ұңғыма мен бассейні бар бақта алма тамшылатып суарылады. Алманы күзде арзанға емес, қыста тиімді бағамен сату үшін заманауи жеміс қоймасы салынып жатыр. Сыйымдылығы 5,5 мың тонна болатын нысанды салып бітіру үшін Аграрлық несие корпорациясының қаржысына иек артып отыр.