Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ұлттық валюта күнімен құттықтаймыз!

Ұлттық валютамыз теңге – Тәуелсіздігіміздің басты символдарының бірі. 1993 жылғы 15-қарашада Президенттің Жарлығымен ұлттық валюта – теңге айналымға енгізілді. Бұл тарихи оқиға Қазақстанның тәуелсіз экономикалық кеңістігінің және қаржы нарығының қалыптасуына негіз болды.

Қаржы саласында қызмет етіп жүрген барша кәсіби мамандарға мол табыс, отбасыларына амандық, бақ-береке тілейміз!