Олар алдымен Шортанды ауданының фермерлерімен кездесіп, егін егу науқанының барысымен танысты. Аймаққа іссапар аясында «Егін егу жұмыстарын жүргізу және мемлекеттік қолдау шараларын түсіндіру» тақырыбында кеңес өтті. Алмат Бүркітбайұлы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру механизмдері туралы айтып, фермерлердің сұрақтарына жауап берді.