Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Фермерлерге арналған Agrodata қосымшасы

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - «Қазгидромет») өсімдік шаруашылығындағы мамандандырылған ақпараттың қолжетімділігін арттыру мақсатында фермерге арналған «AgroData» web-қосымшасын әзірлеп, іске қосты.

Бұл қосымша өсімдік шаруашылығында неғұрлым көбірек сұранысқа ие болған нақты және болжамды ақпаратты қамтиды және кез келген электрондық құрылғыдан қажетті ақпаратты тегін алуға мүмкіндік береді.

Фермерлерге арналған «AgroData» арнайы қосымшасы https://agrodata.kz / сілтемесі бойынша мемлекеттік және орыс тілдерде қолжетімді, сондай-ақ ол фермерлерге және басқа да мүдделі пайдаланушыларға ақпарат беру мақсатында АШМ-нің кез келген ресурстарында және басқа да сайттарда жариялануы мүмкін.

Сайт мынадай екі қолжетімді режимде жұмыс істей алады:

көпшілікке арналған - барлық пайдаланушылар үшін (барлық ақпарат тегін беріледі);

тіркелген пайдаланушылар үшін (онлайн форматта шарттар жасасуға, мамандандырылған қызметтерді алуға және олардың ақысын онлайн төлеуге мүмкіндік береді). Тіркелген жағдайда қызметтер көрсетуге шарттар жасасу, шарттарды және шоттағы қаражатты басқару, жасалған шартқа сәйкес ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі (нақты ақпарат, болжамдар, ұсынымдар, егістер бойынша NDVI) пайда болады.

Қосымшада мемлекеттік бақылау желісінің пункттері бойынша әрбір 3 сағат сайын жаңартылатын нақты ауа райы, 3 сағатқа бөлініп көрсетілетін 6 күнге арналған сандық ауа райы болжамы, 2-3 тәулікке және аптаға арналған болжам және айлық болжам жарияланады, сондай-ақ маусымдық ауа райы болжамына сілтеме беріледі.

Агрометеорологиялық болжамдар фермердің күнтізбесі түрінде ұсынылған, онда ең маңызды болжамды күндер белгіленген (топырақтың жұмсақ илемді күйінің басталатын күні, дәнді дақылдарды себудің оңтайлы мерзімдері, астықтың уызданып пісе бастайтын күні, егін жинаудың оңтайлы мерзімдері). Топырақтағы өнімді ылғал қорының болжамы, құрғақшылық болжамы және дәнді дақылдардың өнімділігі түсіндіру сөзі берілетін карта түрінде ұсынылған.

Нақты деректер бөлімінде бүкіл вегетациялық кезең ішінде кесте түрінде берілетін белсенді температуралардың сомасы, тиімді температуралардың сомасы, 0-20 см қабаттағы және 0-100 см қабаттағы топырақтың өнімді ылғал қорлары, сондай-ақ айына 2-ден 4 рет жаңартылатын, MODIS TERRA/Aqua спутниктік түсірімдері негізіндегі Қазақстанның барлық аумағына арналған NDVI картасы (спутниктік суреттердің болуына байланысты) қолжетімді. Вегетациялық кезеңде NDVI картасында ауыл шаруашылығы дақылдарының жай-күйі сипатталған, егістіктің дамуының жалпы жай-күйінің бағасы беріледі, ал суық мезгілде сол спутниктік түсірімдердің көмегімен Қазақстан аумағында қар жамылғысының таралуы ұсынылады.

Қазіргі уақытта «AgroData» қосымшасының көмегімен барлық ақпарат халыққа тегін беріледі, шарт бойынша ақылы қызмет көрсету жүзеге асырылмайды.

Сонымен қатар ҚР АШМ сайтында «Фермерлерге ауа райы болжамы» бөлімі ашылып, онда «Қазгидромет» РМК ұсынған маусымдық ауа райы болжамы бойынша ақпараттар тұрақты түрде орналастырылып тұрады.