«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіп кешенінде сақтандыру сыйақысын субсидиялауға өтінім қабылдау тоқтағанын хабарлайды. Қазіргі уақытта бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты агроөнеркәсіп кешеніндегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақысының бір бөлігін субсидиялауға өтінім қабылдау тоқтатылды. Өтінім қабылдау қайта басталғанда қосымша хабарланады.
05.01.2026 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап «Даму» Қорының жанында «Бәйтерек» холдингінің «Бірыңғай байланыс орталығы» жұмыс істей бастайды. Енді кәсіпкерлер Холдингтің барлық еншілес компанияларына қатысты сұрақтарына жауапты бір жерден алады.