Күздік дақылдар үшін топырақ ылғалы тапшылығын индекстік сақтандыру (3 фаза) өнімі бойынша егістіктерді сақтандыруға өтінім қабылдау мерзімі 2024- жылдың 13-қыркүйегіне дейін ұзартылды. Қазіргі уақытта астық егетін аймақтардың фермерлері 2024-2025 маусымына арналған қысқы дақылдарды құрғақшылықтан сақтандыра алады. Күздік дақылдар үшін топырақ ылғалдылығы тапшылығы индексін сақтандыру (3 фаза) өнімі 2024-жылдың 15-қыркүйегінен бастап 2025- жылдың 30-маусымына дейінгі аралықты қамтиды. Сақтандыру тарифі сақтандыру сомасынан 4,8%-ын құрайды. Өтінімдер Kezekte.kz сайтында қабылданады. Сақтандыру полисінің құны мемлекеттік субсидиялау есебінен 80%-ға төмендейді. Операторы Аграрлық несие корпорациясы. Айта кетейік, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстарының фермерлері егіндерін сақтандыра алады.
27.04.2026 2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды
16.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады