Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Кредиттік серіктестіктер қауымдастығының жылдық кеңесі өтті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Айдын Досқараев Щучье қаласында өткен агроөнеркәсіп кешеніндегі Кредиттік серіктестіктер қауымдастығы құрылтайшыларының жылдық кеңесіне қатысты. Негізгі мәселе Кредиттік серіктестіктердің 2023 жылғы жұмыс нәтижелерін талқылау болды.

Іс-шара аясында Аграрлық несие корпорациясының Кредиттік серіктестіктер жүйесін дамыту жоспары таныстырылды. Осыдан кейін Басқарма төрағасының орынбасары Кредиттік серіктестік төрағаларының сұрақтарына жауап беріп, Корпорация қызметінің басым бағыттарын түсіндірді.


chat-bgov

Кеңес ал!