Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және қаржыландыру

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және қаржыландыру» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Оған Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков, Егіншілік департаментінің директоры Назгүл Хатепова, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов және «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев қатысты.

«Көктемгі егін-егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру былтыр желтоқсан айында басталған болатын. Бүгінгі таңда Аграрлық несие корпорациясы 2025-жылғы көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге ниетті 6 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіні қолдауға жалпы сомасы 422 млрд теңге болатын өтінім пулын жасақтады. Бұған шамамен 5,3 млн гектар егіс алқабын қамтуға болады. Соның ішіндегі  4 243 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 278 млрд теңге қаржы берілді.  Бұл 4,3 млн гектар егіс алқабын игеруге мүмкіндік береді», - деді Тимур Аяпбергенов.

Айта кетейік, қаржыландыру Аграрлық несие корпорациясы, екінші деңгейлі банктер, несие серіктестіктері, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, микроқаржы ұйымдары және аймақтық инвестициялық орталықтар арқылы жүргізілуде. Қарыз алушылар үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5% деңгейінде және қарызды 2026-жылдың 1-наурызына дейін қайтару мерзімі қарастырылған.

«Кепілдік жетіспеген жағдайда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қарыз сомасының 85%-ын кепілдендіреді», - деп атап өтті Басқарма төрағасының орынбасары.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын жүргізуге 700 млрд теңгеге жуық қаржы қарастырылып отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен 2 есе артық (өткен жылы 5,6 млн гектарды игеруге 321,5 млрд теңге қарастырылып, 5 098 фермер қаржыландырылды), оның 560 млрд теңгесі нарық капиталынан тартылатын болады.


chat-bgov

Кеңес ал!