ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марс Алиш және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары екі күндік іссапармен ШҚО және Абай облысына барды. Олар ШҚО-ның Глубокое ауданында егін жинау науқанымен және Шемонайха ауданындағы Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған «Рулиха» ЖШС тауарлы сүт фермасының жұмысымен танысты. Екінші күні Абай облысында «BA Agro Group» ЖШС мен «Приречное» ЖШС-нің астық жинау жұмыстарымен танысты. Ауыл шаруашылығы министрі бастаған делегация фермерлерімен кездесіп, бірқатар мәселені талқылады. Мұрат Искаков жобаларды қаржыландыруға қатысты ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады