Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Солтүстік Қазақстан облысына іссапар

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары іссапармен Солтүстік Қазақстан облысында болды.

Агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелері бойынша өткен кеңесте ауыл шаруашылығы құрылымдарының, мемлекеттік органдардың, қаржы институттары өкілдерінің қатысуымен биылғы егін жинау науқанының нәтижелері талқыланып, келесі жылға арналған жоспарлар айқындалды. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бойынша қабылданып жатқан шаралар, көктемгі егін егу және егінді жинау жұмыстарын несиелеуге қатысты ақпараттар берілді.

Делегация өкілдері іссапар аясында «Митронин» және «Чистовский» ЖШС-нің жұмысымен танысты.