Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Сүттен етке көшкен қожалық

Нарық талабына сай қимылдаған қожалық ұтады. Павлодар облысындағы «Мәуітхан» шаруа қожалығы тура осы ұстанымда. Қожалық басшысы Қуандық Дүтпаев бір кездері сүтті сиыр ұстап, жылқы баққанын айтады. Алайда малшы, сауыншы тауып, аяқты малды ұстау қиын болғасын етті бағытқа өтуді қолай көріпті. Ал мол ет өндіру үшін тегі асыл түлік қажет. Көп ойланбаған шаруа бұрынғы сенімді инвестициялық серіктесі – Аграрлық несие корпорациясына жүгініпті.

«Бұған дейін «Сыбаға» бағдарламасы бойынша несие алғанмын. Былтыр екінші рет несие рәсімдеп, Ресей елінен 50 бас герефорд тұқымды сиыр мен Май ауданынан 4 бұқа сатып алдық. Биыл 15 шақты сиыр туды, қалғаны енді бұзаулайды. Алғашқы жыл болғасын ба, туу кішкене қиындау болды. Қазір жерсініп қалды. Бұл ірі қаралардың дене бітімі кесек, климатқа төзімді ғой. Жалпы, біздің Қаракөл ауылының жері де сиыр малын өсіруге өте қолайлы», - дейді шаруа.

Қожалық герефордпен қатар, жергілікті тұқымды ірі қараны да ұстайды. Екі табынды бөлек бағады. Қазір ірі қаралар жайлауда. Негізінен жайылымға арқа сүйеген шаруа ауылға сиырларды қысқа қарай әкеледі. Жаз бойы емін-еркін жайылып, әбден семірген ірі қаралар қыстан қысылмай шығады. Туғандарына жем берсе, қалғанына құнарлы шөп тиеді. Мал азығын өзі дайындайды, 180 гектар шабындық жері бар. Техника да жеткілікті. Фермердің болашақта тағы да несие алып, герефорд сиырларын көптеп өсіргісі келеді.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады. Толық кеңесті облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда орналасқан филиалдардан ала аласыздар. Филиалдар сайтта көрсетілген.