Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Бүгін Аграрлық несие корпорациясында филиал директорларының қатысуымен кеңес өтт

Бүгін Аграрлық несие корпорациясында филиал директорларының қатысуымен кеңес өтті. Онда өткен жылдың қорытындылары мен биылғы жылға арналған жоспарлар баяндалды. Сонымен қатар, Корпорация қызметін дамытуға қатысты бірқатар мәселе талқыланды. Атап айтқанда, бизнес процестердің тиімділігін арттыру, Кредиттік серіктестіктермен өзара іс-қимылды оңтайландыру, саладағы автоматтандыру жүйесін жетілдіру жайы сөз болды. Корпорацияның 2024 жылға арналған жоспарына байланысты стратегиялық мақсаттар айқындалды.

Кеңесті қорытындылаған «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков филиал директорларына нақты тапсырмалар жүктеп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Филиалдар өз қызметтерінің рейтингтерімен танысты. Одан кейін үздіктерді марапаттау рәсімі өтті. Жетісу, Атырау және Астана қаласы филиалдарының директорлары марапатқа ие болды.