Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл семинары
Семинардың мақсаты – Корпорация қызметкерлері арасында алаяқтықтан, жемқорлықтан бас тартатын, лауазымдық міндеттерін жүзеге асыру кезінде адалдық пен сатылмаушылық қағидаттарын қамтамасыз ететін құқықтық мәдениетті қалыптастыру.

Іс-шараға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша департаментінің аса маңызды істер жөніндегі офицері А.Е. Кенебаева және Департаменттің пул спикері А.С. Шарипжанов қатысты.

Спикерлер қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мен парасаттылық идеологиясын қалыптастыруға қатысты ҚР заңнамасындағы өзекті өзгерістер туралы хабардар етті.

Талқылау барысында семинарға қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша сұрақтарға жауап алды.

chat-bgov

Кеңес ал!