Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Шығыс Қазақстан облысында жастар несиесіне өтініш қабылдау басталды

Шығыс Қазақстан облысында жастар несиесіне өтініш қабылдау басталды, деп хабарлайды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ баспасөз қызметі.

Жастарға арналған шағын несие жасы 21 мен 35 аралығындағы, өтініш берген сәтте жеке кәсіпкер ретінде тіркелгеніне 5 жыл толмаған жас кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бағдарламаға жұмыс істейтін жастар да қатыса алады.

Жас кәсіпкерлер 5 миллион теңгеге дейінгі несиені мал шаруашылығы жобалары үшін – 7 жылға дейін, кәсіптің басқа түрлері үшін – 5 жылға дейінгі мерзіммен ала алады. Номиналды сыйақы мөлшерлемесі – жылдық 2,5 %. Негізгі қарыз бен сыйақыны төлеу мерзіміне жеңілдік қарастырылған, яғни төлем несие мерзімінің үштен бірі өткеннен кейін төлене бастайды.

Кепілге мүлік қою – басты талап. Кепілзат ретінде арнайы техника, жылжымайтын мүлік және жер учаскелері қабылданады. Кепілге қоятын мүлік болмаса, Кепіл берушіні (ата-анасы, туысы, т.б.) тартуға болады.

Жастар несиесіне өтініш пен құжаттарды «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалына тапсыру керек. Мекен-жайы: Өскемен қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 51.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ барлық облыс орталығы мен Астана, Алматы, Шымкент қалаларындағы филиалында жастар несиесіне өтініш қабылданып жатыр. Алғашқы айда түскен өтініштердің басым бөлігі мал шаруашылығы, қызмет көрсету және сауда-саттық саласына қатысты.   2023 жылы жастарға барлығы 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр.

   Фото maqat-tynysy.kz сайтынан