Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Шығыстық шаруа сүт өндірісін арттырады

Серік Сағандықов бұрын агроном болып еңбек еткен. Қазір табиғи сүт өніміне қажетті жоғары сапалы шикізат өндіреді. Тауарлы-сүт фермасын ашуға дейін саланы әбден зерттеп, сүт өніміне қажетті шикізат тапшылығын білген. Ақыры, ойлана келе Аграрлық несие корпорациясы сынды сенімді қаржылық серіктесіне жүгініп, ШҚО, Шемонаиха ауданынан тауарлы-сүт фермасын ашқан. 

«Аграрлық несие корпорациясының тұрақты клиентінің біріміз. Біздің серіктестік 2004 жылы құрылған. Егін егумен айналысамыз. 2017 жылы тазартылмаған күнбағыс майының құрылысына қаржы алсақ, 2018 жылы тауарлы-сүт фермасына қажетті түрлі қондырғылар, жем-шөп дайындайтын аппараттар мен ірі қара алу үшін тағы жүгіндік», - дейді «Рулиха» ЖШС директоры Серік Сағандықов. 

Голландиядан ұшақпен әкелінген голштинофриз тұқымды 600 бас сиырдың әрбірі орта есеппен күніне 30 литр сүт береді. Ал ферманың жобалық қуаты жылына 3 200 тонна сүт өндіру. Кәсіпкер енді Аграрлық несие корпорацияның қаржысымен жобаның екінші кезеңін жүзеге асырып, 1800 сауын сиыр ұстамақ. Ал сапалы шикізатты Эмиль және Восток Молоко кәсіпорындары сатып алып отыр. 

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.