4-наурыз күні Үкімет отырысынан кейін баспасөз конференциясы өтті. Онда экономиканың нақты секторын қаржыландыру мәселесі қаралды. Конференцияда ҚР ҰЭМ өкілдері, «Бәйтерек» Холдингі мен еншілес ұйымдардың басшылары сөз сөйледі. Агроөнеркәсіп кешенін қолдау шаралары бойынша «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков айтып, журналистердің сұрақтарына жауап берді. Өз сөзінде Корпорация басшысы 2025-жылы Аграрлық несие корпорациясы мен ҚазАгроҚаржы арқылы 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлінетінін атап өтті. Ол ішкі өндірісті дамытуға, қазақстандық нарықты отандық өніммен тұрақты қамтамасыз етуге, сондай-ақ қосылған құны жоғары өндірістерді құруға бағытталатын болады. «Кең дала» бағдарламасы бойынша көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын қаржыландыру мәселелеріне БАҚ ерекше назар аударды. Жалпы Аграрлық несие корпорациясы осы мақсаттарға 700 млрд теңге бөлді. 2024-жылдың қараша айында алғаш рет «Кең дала» бағдарламасы бойынша ерте қаржыландыру жұмысы басталды. Бұл тетікті енгізу – биыл фермерлердің егіс науқанын уақтында жүргізулеріне мүмкіндік береді. Осының арқасында клиенттер жұмыстарын жүйелі жоспарлай алады, тұқымды, өсімдіктерді қорғау құралдарын, тыңайтқыштарды және басқа да ресурстарды арзан бағаға сатып ала алады. Бұл ауыл шаруашлығы тауарын өндірушілердің нәтижелі жұмыс істеулеріне оң әсер етеді.