Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Аграрлық несие корпорациясының басшылығы мен Қазақстанның оңтүстік өңірлерінің фермерлері  арасында кездесу өтті

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма Мүшесі Айдын Досқараевтың қатысуымен Қызылорда және Түркістан қалаларында брифинг өтті.

Іс-шаралар барысында 2022 жылдың қорытындысы бойынша облыстың ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық қолдауға қатысты маңызды мәселелер, 2023 жылы ЖҚжБЖ-ны аяқтау тақырыбы, сондай-ақ, 2023 жылға арналған қаржыландыру жоспарлары талқыланды.

А.Досқараев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ кәсіпкерлерге бірнеше бағытта қаржылай қолдау көрсетіп отырғанын атап өтті.

«Біз тікелей және серіктестеріміз арқылы несие береміз. Сонымен қатар, біздің корпорация банк және микроқаржылық ұйымдарымен тығыз ынтымақтастықта. Бүгінгі таңда Қызылорда облысында 8 несиелік серіктестігіміз бар», - деді ол.

Айта кетейік, биыл Қызылорда облысының ауыл шаруашылығын дамытуға 8 миллиард теңге бөлінсе, оның 5 миллиарды игерілді, қалған 3 миллиарды жыл соңына дейін, жоспар бойынша, бөлінеді.

Одан әрі Түркістан облысында өткен жиында А.Досқараев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы қолдайтын негізгі бағыттарды айтты, олар: несиелік серіктестер, ЕДБ, МҚҰ немесе лизингтік компаниялар, тікелей несиелеу, шағын несие, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіру және инвестициялық жобалар.

А.Досқараевтың айтуынша, бүгінге дейін Түркістан облысының шаруаларына 8,8 млрд теңгеге жуық қаржы бөлінген, оның ішінде көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына 6,6 млрд теңге бөлінген.

Шаруалармен кездесуде несие өнімдері, қаржыландыру шарттары, несиеден кейінгі қызмет көрсету мәселелері, сондай-ақ Түркістан облысындағы несиелеу серіктестіктерінің қызметі талқыланды.

Сонымен қатар, А.Досқараев 5 минут ішінде agronesie.kz порталы арқылы шаруалар үшін айтарлықтай жеңілдететін «ІСКЕР» бағдарламасы бойынша ШОБ субъектілерін онлайн несиелендіруге болатынын жеткізді.