Аграрлық несие корпорациясының қызметкерлері «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жалпықалалық сенбілікке шықты. Олар Жұмабек Тәшенов көшесіндегі белгіленген участокқа 50 түп көшет отырғызып, Астана қаласын жасылдандыруға атсалысты. «Таза Қазақстан» бастамасы аумақтарды тазалаудан да әлдеқайда ауқымды міндеттерді қамтиды. Бұл – азаматтардың, бизнестің, мемлекеттік құрылымдар мен қоғамдық ұйымдардың күш-жігерін біріктіретін, экологиялық тұрғыдан саналы өмір салтын насихаттайтын қозғалыс.