Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
2025-жылдың 9 айы бойынша мал шаруашылығы саласындағы сақтандыру

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ 2025-жылдың 9 айының мал шаруашылығы саласындағы сақтандыру қорытындылары туралы хабарлайды.

АӨК-тегі ерікті сақтандыру жүйесі аясында фермерлер жануарларын (ІҚМ, ұсақ мал, жылқы, шошқа) және құстарды сақтандыра алады. Сақтандыру полисі құнының 80%-ы мемлекет есебінен жабылады, ал 20%-ын фермерлер өзі төлейді.

Сақтандыру түрлі тәуекелдерді қамтиды:

  • жануарлардың жұқпалы және аса қауіпті аурулары;
  • өрт және табиғи апаттар;
  • үшінші тұлғалардың қасақана әрекеттері;
  • жарылыс, найзағай, тұншығу, жыртқыштардың шабуылы, жылан немесе жәндіктердің шағуы және тағы басқа да жазатайым оқиғалар.

2025-жылдың 9 айының қорытындысы бойынша сақтандыру өнімдері аясында 21 мың бас мал және 2,6 млн құс сақтандырылды. 126 сақтандыру шартының жалпы құны шамамен 272 млн теңгені құрады, оның 80%-ын, яғни 217,4 млн теңгесін мемлекет субсидиялады, ал 20%-ын (54,6 млн теңге) фермерлер төледі.

Жазатайым оқиғалар, жұқпалы аурулар (оның ішінде бруцеллез, эмбрион инфекциясы) және табиғи құбылыстар (найзағай түсуі) сияқты жағдайларға байланысты сақтандыру компаниялары 42 млн теңгеден астам соманың төлемін жүзеге асырды.


chat-bgov

Кеңес ал!