Аграрлық несие корпорациясы 2024-жылы дақылдарды топырақтың артық ылғалынан сақтандыру өнімі бойынша 1-кезеңнің сақтандыру төлемі туралы хабарлайды. Екі кезеңді сақтандыру өнімі дәнді және майлы дақылдарды жинау кезеңінде топырақтағы артық ылғалға негізделген тәуекелді қамтиды. Биыл топырақтың артық ылғалдылығы индекстік сақтандыру өнімі бойынша (2 кезеңді) 48 АШТӨ 126 мың гектар егіс алқабын сақтандырды. Өнім бойынша сақтандыру тарифі сақтандыру сомасының 3%-ын құрады. Бірінші кезең бойынша сақтандыру 15-тамыздан 14-қыркүйекке дейін, екінші кезең – 2024 жылдың 15-қыркүйегінен 14-қазанына дейін созылады. Өнім бойынша ең жоғары сақтандыру төлемі 21%. Космомониторинг деректеріне сәйкес сақтандыру кезеңінде 105 мың га алаңда топырақтағы ылғал орташа, мол және өте артық көрсеткіші тіркелді. Осының нәтижесінде сақтандыру компаниялары 628 млн теңге мөлшерінде 40 фермердің сақтандыру сомасын төлейді. Естеріңізге сала кетейік, сақтандыру шартын жасасудан бастап сақтандыру төлемін алғанға дейінгі барлық процесс Kezekte.kz платформасындағы agroinsurance сақтандыру жүйесінде онлайн іске асырылады. Осы жүйеге фермерлер қол жеткізу үшін ЭЦҚ (Электронды цифрлық қолтаңба) болуы қажет.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады