Сақтандыру компаниялары дәнді дақылдар бойынша топырақтың ылғал тапшылығы индексінің сақтандыру өніміне өтінімдерді қабылдау мерзімін 2022 жылдың 6 мамырына дейін ұзартты. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сақтандыру полисінің құнын төмендету, агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру нарығына жаңа қатысушыларды тарту және өсімдік шаруашылығындағы тәуекелдерді азайту үшін мемлекет сақтандыру сыйлықақыларын субсидиялайды: мысалы, фермерлер үшін сақтандыру полисінің құны субсидиялардың көмегімен 50%-ға қысқарады. Сақтандыру шарттарын www.qoldau.kz сайтындағы «Агросақтандыру» ақпараттық жүйесінде жасауға болады. Агроөнеркәсіптік кешендегі сақтандыру операторы – Аграрлық несие корпорациясы. Фото: winstein.org
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады