Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Субсидиялар несиелік жүктемені азайтады

Түркістан облысы Отырар ауданы Қарақоңыр ауылындағы «Қамбар» шаруа қожалығы 10 жылдан бері асыл тұқымды мал өсірумен айналысады. Мұндағы 1500-ге жуық малға қажетті жайылым мен суару орындары бар. Қожалық иесі Серік Қожахметов жыл бойы екі адам жұмыс істейтінін, сақман кезінде қосымша жұмысшылар тартынын айтады.

«2016 жылдан бері біз мемлекеттік қолдау құралдарын пайдаланып келеміз. Екі жыл бұрын Аграрлық несие корпорациясынан несие алып, 1500 бас мал сатып алдық, қаражаттың бір бөлігі жем-шөп сатып алуға жұмсалды. Бұған дейін біз «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның лизингтік бағдарламалары көмегімен күнделікті жұмысымызға қажетті тракторлар мен тайлағыш-жинағыш сатып алдық», – дейді С.Қожахметов.

 Шаруа қожалығы Аграрлық несие корпорациясынан алған несиесін уақытында өтейді, кесте өзіне ыңғайлы жасалған. Негізгі қарызды жылына бір рет, сыйақы үстемесі жарты жылда бір рет төленеді. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттен алынған субсидиялар қарызды өтеуге жұмсалып, несиелік жүктемені біршама жеңілдетті.