Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Түркістан облысы бойынша алғашқы жас кәсіпкердің жобасы мақұлданды

Түркістан облысында жастар несиесін алуға ниет білдірген жас кәсіпкерлердің жобаларының алғашқы легі мақұлданды. Солардың бірі - Сауран ауданының 30 жастағы тұрғыны Қанат Маханбетовтың жобасы. Ол жылқы сатып алып, қазақтың ұлттық сусыны қымыз дайындап сатуды жоспарлап отыр. Қанат жобасын арнайы комиссияда қорғап, оң қорытындысын алды.

Айта кетейік, бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Түркістан облысы бойынша филиалында жастардан 204 жоба қабылданып, соның 68-і комиссия қарауына жолданған. Комиссия әзірге 23 жобаны мақұлдады. Түркістан облысында биыл 594 жас кәсіпкерге 2,5 пайызбен 5 миллион теңге несие беріледі деп жоспарланып отыр. Бұған бюджеттен 2 млрд 970 млн теңге бөлінген.


chat-bgov

Кеңес ал!