«Молдебек» шаруа қожалығы Аграрлық несие корпорациясының тұрақты клиенттерінің бірі. Қожалық басшысы Қайрат Сапарбеков отбасылық шаруашылықты Жамбыл облысы, Байзақ ауылында жүргізіп отыр. Қарапайым шаруа мемлекет қолдауының арқасында 10 жылда мал басын көбейтті. «Аграрлық несие корпорациясының көмегіне үш мәрте жүгіндім. 2013 жылы «Сыбаға» бағдарламасымен 200 бас ірі қара мал, 2018 жылы 2 000 бас қой сатып алдым. 2022 жылы «Агробизнес» бағдарламасымен 150 бас жылқы, 125 бас түйе сатып алдым. Қазір төрт түлік бағып отырған жайым бар», - дейді «Молдебек» шаруа қожалығының басшысы Қайрат Сапарбеков. Шаруа бұл несиенің тиімді екенін айтады. «Несие пайызы төмен, каникулы бар және жылына 1 рет төлейсің, біз үшін осы қолайлы», - дейді қожалық иесі. Шаруашылықтың жайылымы, шабындық жері бар. Техникасы жеткілікті. Сондықтан, мал азығын дайындаудан қиындық жоқ. Анықтама: "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бері агробизнесті дамыту үшін тиімді шарттармен жеңілдетілген несие береді.
27.12.2024 Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады