Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
АНК Түркістан облысының әкімдігімен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Аграрлық несие корпорация Түркістан облысының әкімдігімен бірге озық технологияларды пайдалана отырып, АӨК саласындағы инвестициялық жобаларды іске асырудағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Құжат ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды пайдалана отырып, жобаларды іске асыруға, сондай-ақ осы жобаларға қаржылық және мемлекеттік қолдау көрсетуге бағытталған.

Аграрлық несие корпорациясы қаржы институты ретінде Түркістан облысының әкімдігі ұсынған инвестициялық жобаларды уақтылы қаржыландыруда қолдау көрсететін болады. Аграрлық несие корпорациясы жобаларды 75%-ға дейін қаржыландыруды жүзеге асырады, қалған 25%-н қаржыландыруда клиентке бастамашы қаражаты есебінен «Шымкент ӘӨК» ҰК» АҚ көмектесе алады.

Әкімдік өз кезегінде жобаларға оларды жер учаскесімен, инфрақұрылыммен қамтамасыз етуде, жобаларды іске асыру үшін қажетті басқа да мәселелерді шешуде қолдау көрсететін болады. Осылайша, көрсетілген инвестициялық жобаларды іске асыру жолымен жергілікті тұрғындарды тұрақты жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді.

Меморандумға «Түркістан қаласының аумағында азық-түлік белдеуін қалыптастыру және ауыл шаруашылығы саласындағы озық технологияларды пайдалана отырып және халықты жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында іске асырылатын жобалар» семинарының шеңберінде қол қойылды, сондай-ақ семинар шеңберінде инфрақұрылымы дамыған мал жемдеу, құс етін өңдіру алаңдарын, сүт фермаларын, жылыжайларды, балық шаруашылықтарын  салу, қарқынды бақша шаруашылығы және тағы басқа да алаңдарды жасау жөніндегі жобаларды іске асыру мәселелері қаралды.

Семинар Түркістан облысы әкімі Өмірзақ Шүкеевтің төрағалығымен өтті. Сонымен қатар, кеңеске ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, бизнес-қауымдыстықтардың өкілдері, ғылыми қызметкерлер және Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының өкілдері қатысты.