«Көрме» көрме орталығында отандық тауар өндірушілердің өнім сапасын арттыру және басым салалардағы бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамыту мәселелері бойынша диалог алаңы болып табылатын «Ұлттық өнім» IV республикалық отандық тауар өндірушілер көрмесі өтуде. Көрме барысында «KazFranch 2018» франчайзинг бойынша VI ұлттық форум-көрмесі өтеді, оның аясында халықаралық және қазақстандық компаниялар өздерінің франчайзингтік жобасын әзірлеу және франчайзингті ілгерілету бойынша тәжірибелерімен бөліседі. Корпорацияның несиелік бағдарламаларының шарттарымен танысқысы келетіндер көрмедегі компания өкілі Ғалымжан Сырбековтен кеңес ала алады. Көрме 3 күнге созылады.