Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
2019 ж. көктемгі – егіс жұмыстарын қаржыландыру барысының аралық қорытындылары

Аграрлық несие корпорациясы «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес компаниясы бола отырып, АӨК еңбек өнімділігін арттыруға және ауыл шаруашылығы өнімдерін жалпы шығаруды арттыруға бағытталған, қаржылық қолдау шараларының қолжетімділігін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асырады.

2019 жылдың басынан бастап Корпорация іске асыратын, барлық несие беру бағдарламалары есебінен жалпы сомасы 75,6 млрд. теңгеге 2 281 АШТӨ өтінімдер қабылданды, оның ішінде:

  • Жалпы сомасы 72,7 млрд. теңгеге 2 216 АШТӨ өтінімдері мақұлданды, оның ішінде жалпы сомасы 66,2 млрд. теңгеге 2 181 АШТӨ несиелендірілді, берілмеген сома қалдығы 6,5 млрд. теңге;
  • 3,0 млрд. теңге сомасына АШТӨ 65 өтінімі қарастыруда.

Жыл сайын көктемгі егіс жұмыстарын қаржыландыруға республикалық бюджеттен 60 млрд.теңге бөлінеді. Өтінімдерді қабылдау өткен жылдың желтоқсан айынан басталды.  Корпорация тарапынан өтінімдерді мақұлдау қысқа мерзімде және қаржыландырудың жеделдігі фермерлерге оңтайлы сатып алу құны бойынша егіс тауарлары мен көрсетілетін қызметтерге қажетті тұқымдар, гербицидтер, қосалқы бөлшектер және өзге де бөлшектер сатып алуға мүмкіндік береді. 

Корпорация АШТӨ-ге несие беруді мынадай арналар бойынша жүзеге асырады: Несие серіктестіктер, микроқаржы ұйымдары (оның ішінде өңірлік инвестициялық орталық) – соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесімен – жылдық 7% - ға дейін құрайды. ЕДБ несие берген кезде соңғы қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% - ды құрайды. Тікелей несие беру кезінде ЕДБ кепілдігін ұсыну қажет, қарыз алушылар үшін сыйақы мөлшерлемесі жылдық 3%-ды құрайдыНесие беру мерзімі-2019 жылғы 1 желтоқсанға дейін.

Барлығы АШТӨ-ден 60 млрд. теңге сомасына 3,126 млн. га егіске 2 012 өтінім келіп түсті, оның ішінде:

  • Тікелей несие беру-17,6 млрд. теңге сомасына 77 АШТӨ;
  • НС қорландыру-22,2 млрд. теңгеге 988 АШТӨ;
  • ХҚҰ қорландыру-1,7 млрд. теңгеге 843 АШТӨ;
  • БАО қорландыру-0,6 млрд. теңгеге 19 АШТӨ;
  • ЕДБ қорландыру-18,0 млрд. теңгеге 85 АШТӨ.

Оның ішінде жалпы сомасы 57,1 млрд. теңгеге 1 947 АШТӨ өтінімі мақұлданды, оның ішінде жалпы сомасы 55,9 млрд. теңгеге 1 912 АШТӨ келесі сату арналары бойынша несиелендірілді:

  1. Тікелей несие беру-15,6 млрд. теңге сомасына 72 АШТӨ;
  2. НС қорландыру арқылы– 20,1 млрд. теңге сомасына 893 АШТӨ;
  3. ХҚҰ қорландыру арқылы - 1,7 млрд. теңге сомасына 843 АШТӨ;
  4. БАО қорландыру арқылы-0,6 млрд. теңге сомасына 19 АШТӨ;
  5. ЕДБ қорландыру арқылы-18,0 млрд. теңге сомасына 85 АШТӨ, оның ішінде ЕДБ бойынша қорландыру үлесі мынадай:
  • «Tengri Bank» АҚ - 2,7 млрд. теңге;
  • «БанкЦентрКредит» АҚ-2,6 млрд. теңге;
  • «Нұрбанк» АҚ-1,9 млрд. теңге;
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ - 9,3 млрд. теңге;
  • «АТФБанк» АҚ - 1,5 млрд. теңге.

Жалпы сомасы 2,95 млрд.теңгеге 65 АШТӨ өтінімі қарау сатысында.

45,2 млрд.теңге көлеміндегі қаржыландырудың негізгі үлесі (80,8%) еліміздің астық егетін өңірлеріне (Ақмола – 17,4 млрд., СҚО – 15,6 млрд. және Қостанай – 12,1 млрд. теңге) келді.

Басқа іске асырылып жатқан несиелеу бағдарламалары есебінен жалпы сомасы 15,6 млрд. теңгеге 269 АШТӨ өтінімдері қаралды, оның ішінде:

  • жалпы сомасы 15,6 млрд. теңгеге 269 АШТӨ өтінімі мақұлданды, оның ішінде жалпы сомасы 10,2 млрд. теңгеге 269 АШТӨ несиелендірілді.
  • берілген соманың қалдығы 5,4 млрд.теңге.

Сұранысқа ие негізгі дақылдар: бидай, азықтық және майлы дақылдар болып табылады.