Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Тимур Аяпбергенов баспасөз конференциясына қатысты

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов пен «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жумжаев ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясына қатысты.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов еліміздегі егін жинау науқанына қатысты баяндама жасады. Баспасөз конференциясына қатысушылар журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Бүгінгі таңда республика бойынша дәнді дақылдардың 88,6%-ы жиналған. Орташа өнімділік гектарына 16,9 центнерден айналып, 26,6 млн тонна астық қамбаға құйылған. Майлы дақылдар бойынша шамамен 4 млн тонна көлемінде рекордтық өнім алу күтілуде. Қазіргі уақытта 3,3 млн тонна майлы дақыл жиналған.

Спикерлердің айтуынша, фермерлерді ерте қаржыландыру мен уақтылы мемлекеттік қолдау көрсетудің нәтижесінде биыл рекордтық көлемде өнім жиналады деп болжанып отыр.


chat-bgov

Кеңес ал!