Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
«СП Гаршино» Аграрлық несие корпорациясының көмегімен астық өнімділігін арттырып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы астық алқаптарымен танымал өлке. «СП Гаршино» ЖШС осы өңірдегі өсімдік шаруашылығымен айналысатын ірі компаниялардың бірі. Кәсіпорын дәнді және майлы дақылдар өсіріп қана қоймай, бірнеше жыл қатарынан астық өнімділігін арттырып келеді.

Шаруашылық 18000 гектардан астам алқапта бидай, арпа, зығыр және көпжылдық шөп өсіреді. Былтыр бұл аумақтан мол өнім жиналды.

«СП Гаршиноның» бұл жетістігі заманауи технологияларды қолдануымен тікелей байланысты. 2022 жылы кәсіпорын Аграрлық несие корпорациясында несие рәсімдеп, тыңайтқыш себетін екі Stara Imperador бүріккіш техникасын сатып алды. "Бұл заманауи құрылғымен біз егінге тиімді күтім жасап, өнімділікті одан әрі арттыра аламыз», - дейді «СП Гаршино» ЖШС-і директоры Дәулет Сатыбалдин.

Қазір кәсіпорында көктемгі дала жұмыстарына дайындық қарқынды жүріп жатыр. Компания былтыр «Бірлік» несие серіктестігінен тұқым, жанар-жағар май және тыңайтқыш сатып алу үшін қомақты қаржы алды.

Еңбекқор адамдардың маңдай тері мен жаңа технологияларды қолдану арқылы кәсіпорын жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Шаруашылық жұмыс орындарын құрып, әрі аймақты сапалы өнімдермен қамтамасыз ете отырып, дамуын жалғастырып жатыр.

 Біздің жаңалықтарымызды @agrocreditkz телеграм-арнасынан да оқуға болады.   

Анықтама:

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бері агробизнесті дамыту үшін тиімді шарттармен жеңілдетілген несие береді.