Астанада «Қазақтың ақбас тұқымының Республикалық Палатасы» мүшелерінің екі жылда бір рет ұйымдастырылатын жиыны өтті. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов пен Аймақтық даму департаментінің директоры Әсемгүл Қайырденова Палатаның басшылығымен кездесу өткізіп, етті бағыттағы мал шаруашылығын қаржылай қолдау мәселелері жөнінде пікір алмасты.