Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Астанада КС Одағымен кездесу өтті

Бүгін Кредиттік серіктестіктерді қаржыландыру департаментінің басшылары Агроөнеркәсіп кешеніндегі Кредиттік серіктестіктер одағының өкілдерімен кездесті.

Тараптар Кредиттік серіктестіктердің кредиттік рейтингін анықтау, беру және бизнес-процесті оңтайландыру әдістемелеріне өзгерістер енгізу жобаларын талқылады. Одақ өкілдері түзетулермен егжей-тегжейлі танысып, бірқатар сындарлы ұсыныстар берді.

Кездесуге қатысушылар Кредиттік серіктестіктердің қызметін бағалаудың ашық және тиімді жүйесін қалыптастыру үшін реттеуші органдар мен салалық бірлестіктер арасындағы ашық диалогтың маңыздылығын атап өтті.

Бүгінгі таңда АӨК Кредиттік серіктестіктер одағының құрамына Қазақстан бойынша жұмыс істейтін 44-тен астам ұйым кіреді.


chat-bgov

Кеңес ал!