Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Алматы қаласында «Аграрлық несие корпроациясы» АҚ өкілдерінің қатысуымен брифинг өтті

Алматыда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Айдын Досқараевтың қатысуымен брифинг өтті.

Айдын Досқараев кездесуге келгендерге «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қаржыландыру шарттары мен несиелеу бағдарламалары туралы айтып берді. Қазіргі уақытта 4 бағдарлама – «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» және «Жастарға шағын несие беру» бағдарламалары іске асырылуда.

Брифинг барысында Айдын Досқараев «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын есепке алғанда Аграрлық несие корпорациясының жалпы қаржыландыру жоспары 2023-жылы 500 млрд теңге болғанын хабарлады. Оның ішінде Алматы облысына 13,5 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Биыл бірінші жартыжылдықта оның 7,5 млрд теңгеден астам сомасы игерілді.

Кездесуде фермерлер Аграрлық несие корпорациясының бағдарламалары мен субсидия мөлшерлемесіне қатысты көкейлеріндегі сұрақтарына толыққанды жауап алды.