Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
 Павлодарда Қазақстанның АӨК саласындағы Кредит серіктестіктерінің ІІ форумы өтті.

«Болашаққа көзқарас» деген атпен өткен кредит серіктестіктерінің екінші форумына 160 артық адам-Қазақстан мен Ресейдің кредит серіктестерінің өкілдері, Польшаның халықаралық кеңесшілері, ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің, «КазАгро» Холдингінің өкілдері, сонымен қатар жергілікті билік өкілдері қатысты.

Форумның басты тақырыбы кредит серіктестерінің қозғалысын нығайту болды. Шара қатысушылары кредиттік кооперациялардың дамудың жаңа деңгейіне шығуына көмектесетін түйінді мәселелерді талқылады, бұл –КС қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз етудегі әлемдік беталыстар мен қазіргі заманғы технологиялар.

Германия, Польша, Вьетнам, Ресей тәрізді елдердің халықаралық тәжірибесіне талдау жасау копперациялар кредиттік жүйесінің болашақтағы дамуы қолданыстағы механизмдерді жетілдірумен және әлеуетті қатысушылармен қатар инвесторлардың да қаржылық тұрақтылығы мен тартымдылығын арттыруға ықпал ететін жаңа механизмдерді енгізумен байланысты екендігін көрсетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда агробизнесті дамыту үшін АӨК субъектілері қымбат және қысқа мерзімді кредиттік ресурстардың салдарынан және өтімділігі жоғары кепілзаттық қамтамасыз етудің жоқтығынан қаржыландыруға мүмкіндік жоқ.

Осыған байланысты кредиттік серіктестік, бірінші кезекте қазақстандық аграрлық қызметкерлер үшін қол жетімді, халықаралық стандартқа сәйкес келетін және банктер тарапынан тартымды болатын толыққанды қаржы институты болуы қажет. КС дамуының аталған стратегиясы 2017-2021 жылдары Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламасында аталған.

Қазірде кредит серіктестері Қазақстанда 193, ауыл тұрғындары үшін қолжетімділігі жоғары кредит қарыздарын береді, мал шрауашылығын, АӨВ өсімдік шаруашылығын дамытуға, техника паркін жаңартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың таратушысы рөлін атқара отырып, тұрғындардың жұмысбастылығын қамтамасыз етеді. Серіктестік 17 мыңнан артық қатысушыларды біріктіріп отыр.

2001 жылдан бастап крдедит серіктестерімен 288 млрд теңгеден артық сомаға АӨК субъектілеріне 47 000 артық қарыз берілді. КС қатысушыларының иелігінде 500 мыңнан ІҚМ басы және 1 млн бастан артық ҰМБ бар. КС қатысушыларына 8 млн. га егіндік және 8,8 млн. га жайылымдық жер тиесілі. 33 мыңнан артық жұмыс орындары құрылды. КС қарыз портфелі 115 млрд. теңгені құрап отыр.

Сонымен қатар, кредит серіктестері экономиканың драйвері болып табылатын және мемлекет саясатында маңызды рөл атқаратын ауыл шаруашылығына жатпайтындарды, сонымен бірге шағын және орта бизнесті қаржыландырады.