Талдықорған қаласында өткен брифингте «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары – Басқарма мүшесі Айдын Досқараев кездесуге келгендерге несие беру бағдарламаларының шарттарын түсіндіріп, қаржыландыру бағыттары туралы баяндады. Сондай-ақ, Жетісу облысы бойынша бірінші жартыжылдықта 420 фермерге қаржы беріліп, 6,49 млрд теңге игерілгенін айтты. Бүгінгі таңда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер» және «Жастарға арналған шағын несие» бағдарламаларын іске асыруда. Іс-сапар аясында Айдын Досқараев несие серіктестерінің өкілдерімен кездесті. Онда бірінші жартылдықтағы жұмыс қорытындысы сараланып, 2023-жылдың екінші жартыжылдығына арналған жоспарлар мен проблемалық мәселелер талқыланды.