Бүгін Өскеменде «ALTAI MAI» жаңа май экстракциялық зауыты ашылды. Кәсіпорын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қаржыландыруымен жүзеге асты. Іс-шараға Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Аяпбергенов және басқа да сала басшылары қатысты. Зауыттың жобалық қуаты тәулігіне 500 тоннаға дейін күнбағыс дәнін өңдеуге жетеді және майлы дақылдарды терең өңдеуге арналған заманауи қондырғылармен жабдықталған. Кәсіпорын жергілікті күнбағыс пен рапсты өңдеп, өсімдік майларын, шрот, пеллеттер сияқты өнімдер өндіреді. «ALTAI MAI» зауытының негізгі мақсаты: ішкі нарықты сапалы өсімдік майларымен қамтамасыз ету; жергілікті ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау; өңірдің экспорттық әлеуетін арттыру; жаңа жұмыс орындарын ашу және Шығыс Қазақстан облысының экономикалық дамуын нығайтады. Жаңа зауыттың ашылуы өңірдің агроөнеркәсіп кешенін дамытудағы маңызды қадам және елдің азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға ықпал етеді.
27.04.2026 2026 жылғы егін егу маусымына арналған ауыл шаруашылығы дақылдарын құрғақшылықтан сақтандыру мерзімі ұзартылды
16.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады