Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Шығыс Қазақстан облысында басқарма Төрағасының орынбасары М.Нәбиевтің қатысуымен брифинг өтті

Өскеменде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма Төрағасының орынбасары, басқарма мүшесі Марлен Нәбиевтің қатысуымен брифинг өтті. Брифингке облыс әкімінің орынбасары Е.Нұрбаев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры Солтанбаева Г., «КазАгроФинанс» АҚ ШҚО бойынша филиалының директоры Жакупов Е., Шығыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы міндетін атқарушы Сағандықов Р., Шығыс Қазақстан облысы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының салалық мәселелер жөніндегі орынбасары Жылқайдарова Д, сонымен қатар АНК-дан зайым алушылар қатысты.

М.Нәбиев жиынға қатысушыларға «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның қаржыландыру және несиелендіру бағдарламаларының шарттары туралы айтып берді. Өздеріңіз білетіндей, ағымдағы кезеңде «Кең дала», «Агробизнес» және «Іскер» секілді несиелендіру бағдарламасы бар. Атап айтқанда, «Кең дала» бағдарламасы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезінде шаруаларды қолдауға бағытталған және бюджеттік несие есебінен жүзеге асырылады. Банктер, несие серіктестіктері және микроқаржы ұйымдары арқылы қаржыландыру кезінде түпкілікті қарыз алушылар үшін мөлшерлеме жылдық 5% құрайды. «Іскер» бағдарламасы стартап жобалар мен жаңадан бастаушы кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған. Бұл бағдарлама бойынша сыйақы мөлшерлемесі жылдық 6% құрайды. Бұл ретте несиелер 7 жылға дейінгі мерзімге беріледі. «Агробизнес» бағдарламасы жан-жақты болып келеді. Ол мал шаруашылығын, өсімдік шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді дамыту жобаларын қаржыландырады. Несиелер меншікті және тартылған коммерциялық қаражат есебінен беріледі, субсидияларды ескере отырып, пайыздық мөлшерлеме 6%-ға дейін төмендетілді. Инвестициялық мақсаттағы несиенің максималды мерзімі 12 жылға дейін.

Брифинг барысында М.Нәбиев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ қаржыландыруы бас жоспар «ҚАФ» АҚ-ны есепке алғанда 2023 жылға 500 млрд теңге, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы бойынша 19,8 млрд теңгені құрайтынын айтты.