Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ алаңында “Ауыл” партиясы мүшелерінің қатысуымен жиын өтті

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ алаңында “Ауыл” партиясы мүшелерінің қатысуымен жиын өтті.

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков компания қызметінің негізгі көрсеткіштері өткен жылдардың тарихи максимумынан асып түскенін атап өтті.

Кездесуде компания жұмысының 2022 жылғы қорытындысы сөз болды. Аграрлық несие корпорациясы мен оның еншілес ұйымы “ҚазАгроҚаржы” АҚ-ы қызметін есепке алғанда былтыр агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемі 522,3 млрд теңгеге жетіп, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің 30%-ынан астамы қамтылды.

Көктемгі егін және күзгі жиын-терін жұмыстарын қаржыландыру тарихында тұңғыш рет шаруалардың несиені қайтару мерзімі ұзартылды. Клиенттер енді қарыздың 50%-ын биыл желтоқсанда, қалған 50%-ын келесі жылдың наурызында төлейтін болды. Бұл шаруаларға өз өнімін тиімді бағамен сатуға мүмкіндік береді. Көктемгі егін жұмыстарына бөлінген қаржының 2 есе, яғни 70 млрд теңгеден 140 млрд теңгеге көбейгенін атап өткен жөн.

Сонымен қатар, былтыр “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ қолдауымен елде жалпы құны 34,5 млрд тенге болатын 25 инвестициялық жоба іске қосылды.

Қызметті цифрландыру жоспарына сай, 2022 жылы Іскер бағдарламасы бойынша өтініштерді онлайн қарастыратын платформа жұмысын бастады. Жүйенің мемлекеттік мәліметтер базасына қосылғаны несие алуға қажетті құжаттар тізімін азайтуға мүмкіндік берді. Енді фермер мал немесе егін шаруашылығына арналған 6 млн теңгенің несиесіне өтінішті интернетке қосылған телефон немесе ноутбук арқылы үйінде отырып жібере алады. Онлайн-платформада өтінішті қарау мерзімі 15 күннен 10 минутқа қысқарды.

Бұған қоса, Kaspi.kz мобильді қосымшасымен интеграция жасалды. Клиенттер енді комиссиясыз төлем жасайды. Homebank қосымшасы мен төлем терминалдарындағы жүйе жетілдірілді. Халық банк, Центр Кредит банк, Жусан банк пен Қазпошта арқылы жасалған төлемдерді автоматты түрде бөліп-тарату үшін компанияның ішкі ERP жүйесі жетілдірілді. «Қазынашылық АЖ» арқылы төлеу қызметі оңтайландырылып, соның арқасында несиесі мақұлданған клиент кеңсеге бұрынғыдай 3 рет емес, 1 рет келетін болды.

2023 жылы инвестициялық жобаларды қарастыру процесін толығымен қайта қарау және несие процесін әрі қарай оңтайландыру жоспарланып отыр.

Шағын бизнесті қамту “Аграрлық несие корпорациясы” АҚ-ның басты бағыттарының бірі. 2023 жылы АНК жастарға арналған жеңілдетілген несие бағдарламасының сенімгер агенті атанды.

“Аграрлық несие корпорациясы” АҚ басқарма төрағасы Алмат Әшірбековтің айтуынша, клиенттерге қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында Корпорация цифрлы технологияны дамыту мен несие процестерін қайта қарауды басты міндет етіп отыр.