Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Маңғыстау облысында ауыл шаруашылығын дамыту мәселелері талқыланды

Ақтауда «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Марлен Нәбиевтің қатысуымен брифинг өтті.

Шара барысында өңірдегі ауыл шаруашылығын дамытуға және ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын қаржылық қолдауға қатысты маңызды мәселелер талқыланды.

Айта кетер болсақ, АНК-нің Маңғыстау облысы бойынша 2023 жылдағы қаржыландыруға қойған бас жоспары 3,7 млрд-ты құрайды.

Марлен Нәбиев «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді несиелендіру шарттарын жақсарту бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті, мысалы, Аграрлық несие корпорациясы «Кеңдала», «Агробизнес» және «Іскер» бағдарламалары бойынша қолжетімді несиелер береді.

Бұл ретте «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ мына бағыттарда қолдау көрсетеді: несиелік серіктестіктерге, ЕДБ, МҚҰ немесе лизингтік компанияларды қаржыландыруда, тікелей несиелеуде, оның ішінде шағын несие, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын несиелендіруде, сондай-ақ инвестициялық жобаларда.

Жиында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ өкілдері мен облыстағы шаруа қожалықтарының иелері несие беру шарттарын, несиедегі серіктестік қызметіндегі мәселелерді талқылады.

Естеріңізге салайық, бүгінгі таңда Маңғыстау облысында жалпы құны 8,4 млрд теңгені құрайтын 4 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Олар: «Agargan» ЖШС сүт-өнімдері фермасы, «Ақтау-Агро» ЖШС құс фабрикасы, «Ақтау Азимут» ЖШС жылыжайы және «Korkem Alem» ЖШС ет өңдеу жобасы.