«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ АӨК сақтандыру сыйақысын субсидиялауға өтінім қабылдауды уақытша тоқтатты. «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ агроөнеркәсіп кешендегі сақтандыру шарттары бойынша сақтандыру сыйақысының бір бөлігін субсидиялауға өтінім қабылдауды тоқтата тұратынын хабарлайды. Шешім республикалық бюджеттен бөлінген қаражаттың толық игерілуіне байланысты қабылданды. Өтінімдерді қабылдау 2025-жылдың 23- желтоқсанынан бастап тоқтатылады. Өтінім қабылдау қайта басталатын кезде қосымша хабарланады.
16.04.2026 Аграрлық несие корпорациясы АӨК саласында сақтандыру сыйақыларын субсидиялауға өтінімдерді қабылдауды бастады