Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Өңірде сүт өндірген тиімді

Қостанай қаласының тұрғыны Жәнібек Жұмақовты нарық тынысын тап басқан кәсіпкер деуге болады. Қазір жылына бірнеше тонна сүт өндіретін тауарлы-сүт фермасы сол ұзақ жылғы зерттеудің нәтижесі. 2018 жылы шаруа қожалық құрып, 2019 жылы игі бастаманы Аграрлық несие корпорациясының көмегімен жүзеге асырған. Сапалы сүт өндіретін бұл нысан бүгінде Қостанай ауданы, Садовый ауылындағы алғашқы әрі жалғыз өндіріс атанған. 

«Аграрлық несие корпорациясының қаржысына голштинофриз тұқымды сүтті бағыттағы құнажындарды Ресейден және Ақтөбеден буаз күйінде сатып алдық. 350 бас сиырдың 230-ы корпорация қаржысына алынды. Біздің өңірде ет емес, сүт өндірген тиімді. Қазір біздегі 1000 бас сиырдың 600-і сауылады, бір сиыр күніне орта есеппен 25 литр сүт береді», - дейді «Milk Farm KZT» ЖШС директоры Жәнібек Жұмақов.

Қысы-жазы қорада бағылатын тегі асыл түлікке жем-шөпті қожалық өздері дайындайды. Бұған қажетті шабындық жер де, техника да жеткілікті. Фермер биыл тағы сүтті бағыттағы ірі қара мен тауарлы-сүт фермасына қажетті құрал-жабдық алмақ. Тиімді несие алу үшін Аграрлық несие корпорациясына өтінім беріп қойыпты. Айтпақшы, агрофермада қазір тоқтап тұрған сүт өңдейтін цех бар. Демек, бұл нарық тынысын тап басқан өрісі кең өміршең жоба.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ - «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бастап агробизнесті дамыту үшін тиімді шартпен жеңілдетілген несие беріп келеді. Компанияның  бағдарламаларын www.agrocredit.kz сайтынан көруге болады.