Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Ауылды көтерген алма бақ

Әсет Қайыпбеков бала кезінен алма өсіріп, бағбаншылықпен айналысқысы келген екен. Алайда бір сәті түспей жүр еді. Әуелі бидай егіп, ұн тартып, нан пісірген ол кейін құрылыс саласына бет бұрған. Алайда жатса да, тұрса да бала кезгі арманы қол бұлғап қол шақыра беріпті. 2017 жылы «Қазығұрт бақтары» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрып, келесі жылы өзі туып-өскен Түркістан облысы, Төле би ауданы, Абай ауылына интенсивті алма бағын отырғызуға кірісіпті. 

«Біздің ауылдың жері алма өсіруге өте қолайлы. Таулы аймақ күндіз ыстық, түнде салқын. Дәл осындай климатта алма жақсы өседі екен. Интенсивті бақ үшін Аграрлық несие корпорациясының несиесіне жүгіндік. Қаржыға баққа қажет 18 техника мен Италиядан көшеттер алып, 700 текше метрлік бассейн, шпалерлік жүйе, тамшылатып суару жүйесін тарттық. 140 гектар жерге 300 мың алма көшетін отырғыздық», - дейді кооператив директоры Әсет Қайыпбеков. 

Бақта Гренни Смит, Айдаред, Голден Делишес, Гала сынды итальяндық 4 сорт егілген. Қазір соның Гала сорты теріліп жатыр. Алғашқы түсім болғасын биылғы меже 2 мың тонна өнім. Жыл сайын 2 мың тоннаға артып, болашақта бақтың өнімділігі 8 мың тоннаға дейін артпақ. Алма терімі сонау қарашаға дейін жүреді. Науқан кезінде маңайдағы 5 ауылдан 400 адамға дейін жұмыспен қамтылады. Кәсіпкердің ендігі жоспары – корпорациядан тағы несие алып, 5 мың тонналық жеміс қоймасын салу.

Айта кетейік, интенсивті бақ құру – Аграрлық несие корпорациясының басым бағытының бірі. Бұл мақсатқа корпорация 2006 жылдан 2022 жыл аралығында 48 миллиард теңге қаржы бөлген. Бұған қуаты жылына 130 мың тонна өнімнен асатын 45 интенсивті бақ ашылған.