Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қымыз баптап, шұбат алмақ

Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С.Шапағатов ауылындағы «Балапашқызы Салиха» ЖК бес-алты жыл бұрын құрылған. Азын-аулақ мал ұстаған агробизнесмен кейінірек мемлекеттің тиімді механизмін пайдалануды жөн көріпті. Аграрлық несие корпорациясының қаржысына 2020 жылы 58 бас жергілікті тұқымды жылқы сатып алған екен. 

«Белгілі бір себептерге байланысты былтыр жөнді төл алмадық. Биыл биелердің 70 пайызы құлындады. Қазір қымыз өндіріп жатырмыз, енді жылқы етін өндіреміз. Бұған мүмкіндік бар, жайылым да, техникамыз да жеткілікті. Аграрлық несие корпорациясының несиесінің арқасында төрт түліктің төресін көптеп өсіруді жөн көрдік», - дейді Салиха Балапашқызы. 

Сенімді қаржылық одағының арқасында биыл қожалық 46 бас түйе сатып алған. Мұнда негізінен шұбат өндіру қолға алынбақ. Агробизнестің табысты түрі саналатын түйе шаруашылығын қазір Салиха әжейдің ұлы Елдос Ақжан жүргізіп отыр. Кәсіп иесі алдағы уақытта тағы да жеңілдетілген несие алып, қожалықта сауын түйенің санын көбейтуді жоспарға енгізіпті.