Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Қызыл трактор

Ақмола облысы, Есіл ауданында егіншілікпен айналысатын «Келешек» шаруа қожалығы Аграрлық несие корпорациясының көмегімен біраз техникасын жаңартып алды. Жақында қожалыққа су жаңа трактор сатып әкелінді.

 Қызыл трактор қазір қара жұмысқа кірісетін күнін күтіп тұр. Техника көктемде жер жырту, тұқым салу жұмыстарына тартылады.

 «15 жылдан бері бидай, арпа егеміз. 1 мың 700 гектар егістік алқабымыз бар. Аграрлық несие корпорациясының қолдауымен бұрнағы жылдары комбайн, тұқым сепкіш, басқа да техника сатып алдық. Мына тракторды «Агробизнес» бағдарламасымен «Есіл 2030» несие серіктестігі арқылы несиеге алдық. Қымбат техниканы бірден сатып ала алмайсың ғой. Осылай бөліп төлеген ыңғайлы», - дейді «Келешек» шаруа қожалығының өкілі Амангелді Қалмұхамбетов.

 Шағын қожалық Раздольное ауылындағы алты адамды жұмыспен қамтып отыр. Жылына 2 мың 500 тонна астық жинап, тапсырады.

 «Агробизнес» бағдарламасы арқылы техника ғана емес, мал сатып алуға да болады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығына қажетті нысандардың құрылыс-монтаж жұмыстарына және айналым қаражатын толтыруға несие беріледі. Несие шарттары мен несие серіктестіктерінің байланыс нөмірлері agrocredit.kz сайтында бар.

 Біздің жаңалықтарымызды @agrocreditkz телеграм-арнасынан да оқуға болады.

 Анықтама: 

"Аграрлық несие корпорациясы" АҚ - "Бәйтерек" Ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы. 2001 жылдан бері агробизнесті дамыту үшін тиімді шарттармен жеңілдетілген несие береді.