Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Басқарма төрағасының орынбасары М.Искаков Жетісу облысының фермерлерімен кездесті

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Еркебұлан Жұмжаев және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары Жетісу облысына іссапармен барды. Делегация өкілдері облыстағы агроөнеркәсіп кешені нысандарын аралап, жұмыстарымен танысты. Олардың қатарында Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған жобалар да бар. Атап айтқанда, қант қызылшасын өсіретін «Қызылшоқы» ЖШС мен «Каримов» жеке кәсіпкерлігіне қарасты тауарлы сүт фермасының жұмысы таныстырылды.

Мұрат Қуанышбайұлы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер қойған сұрақтарға жауап беріп, Аграрлық несие корпорациясы фермерлерге барынша қолдау көрсетуге әзір екенін айтты.


chat-bgov

Кеңес ал!