Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қостанай облысына барды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Марс Алиш іссапармен Қостанай облысына барды.

Құрамында облыс әкімі мен басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары бар делегация аймақтағы инвестициялық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Олардың қатарында Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған «Восток-1» ЖШС, «Агрофирма Қарқын» ЖШС, «Каменскуральск» ЖШС және «ТЭРРА» шаруа қожалығы бар.

«Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Мұрат Искаков жобаларды қаржыландыру мәселесіне қатысты фермер қойған сұрақтарға жауап берді. 


chat-bgov

Кеңес ал!