Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Өтініш беру
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Солтүстік Қазақстан облысына барды

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин екі күндік іссапармен Солтүстік Қазақстан облысына барды.

Делегация құрамында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков, «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ Басқарушы директоры Нияз Көшкімбаев, «ҚазАгроҚаржы» АҚ Басқарма төрағасы Айдар Прашев және басқа да ауыл шаруашылығы саласының басшылары бар.

Олар бірінші күні Аграрлық несие корпорациясы қаржыландырған «Астық STEM» ЖШС-не және басқа да бірқатар ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын аралады.

Делегация ертең Корпорация қаржыландырған «Заградовское» ЖШС, «Петерфельд Агро» ЖШС тауарлы сүт фермасы, «Зенченко и К» КС сүт зауыты сияқты жобалардың жұмыс барысымен танысып, фермерлермен кездеседі.

"Бұл диалог кері байланыс орнатуға, фермерлердің "Кең дала" бағдарламасын іске асыруға және жалпы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді қолдау бағытында одан әрі тиімді жұмыс істеу үшін ұсыныстарын тыңдауға мүмкіндік береді. Біз үнемі барлық аймақты аралап, соңғы тенденцияларды тұрақты түрде назарда ұстаймыз. Өздеріңіз білетіндей, үнемі өзгеріп отыратын көптеген факторлар ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге әсер етеді. Саланы дамыту үшін фермерлермен тұрақты өзара байланыс қана агроөнеркәсіптің және Қазақстан халқының дамуына үлес қосуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков.