Сенім телефоны +7 (775) 007 27 01
+7 (775) 007 27 01 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
БҚО журналистеріне Аграрлық несие корпорациясының бағдарламалары таныстырылды

Орал қаласында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары, Басқарма мүшесі Айдын Досқараевтың қатысуымен брифинг ұйымдастырылды. Ол Өңірлік орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Корпорацияның несиелеу бағдарламалары мен қаржындыру шарттары туралы баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.

Қазіргі уақытта «Кең дала», «Агробизнес», «Іскер», «Жастарға шағын несие беру» бағдарламалары іске асырылуда. Брифинг барысында Басқарма Төрағасының орынбасары «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ын есепке алғанда Аграрлық несие корпорациясының жалпы қаржыландыру жоспары 2023-жылы 500 млрд теңге болғанын хабарлады. Оның ішінде Батыс Қазақстан облысына 9,5 млрд теңге қаржы бөлінген. Алайда, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің қажеттіліктеріне байланысты 2023-жылдың 1-тамызындағы жағдай бойынша қаржыны игерудің жылдық жоспары мерзімінен бұрын 106%-ға асыра орындалып,  фермерлерге жалпы сомасы 10 млрд. теңгеден асатын несие қаржысы берілді.

Айдын Досқараев жұмыс сапары аясында Батыс Қазақстан облысында ұйымдастырылған жыл сайынғы «AGROFEST BATYS» Дала күні агрофестиваліне қатысты. Осыдан кейін аймақтағы несие серіктестіктерінің өкілдерімен кездесті.