Сенім телефоны +7 (701) 006 18 18
+7 (701) 006 18 18 - сенім телефоны (сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттер туралы хабарлау үшін, анонимділікке кепілдік беріледі)
Жұмыс кестесі: 9-00-ден 18-30-ға дейін, үзіліс: 13-00-ден 14-30-ға дейін.
Сн, жс – демалыс күндері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комплаенс-қызметінің басшысы Салықов Т.Ж.: Salykov.T@agrocredit.kz
Install the application:
1) Open the website in Safari
2) Click save
3) Add to home screen
Корпорация өкілдері Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз конференциясына қатысты

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Аграрлық несие корпорациясы тарапынан Басқарма төрағасы Алмат Әшірбеков пен Басқарма төрағасының орынбасары Марлен Нәбиев қатысты. Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемін 2 есеге арттыру жөнінде міндет жүктегенін айтқан министр оны іске асыру бағытында қабылданған шаралар жайлы баяндама жасады.

Жыл сайын көктемгі егін егу және күзгі жиын-терім жұмыстарына жеңілдетілген 1,5 трлн теңге кредит бөлініп, ол қажеттілікті толық қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс деген министр «Кең дала» бағдарламасының операторы Аграрлық несие корпорациясына бюджеттік кредит шеңберінде 50 млрд теңге жіберілгенін атап өтті. Осы бағдарлама бойынша биыл 140 млрд теңге бөлу жоспарланған болатын.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес машина-трактор паркін жаңарту деңгейін 10 пайызға дейін жеткізу қажет. Ол үшін мемлекет тарапынан инвестициялық шығындарды субсидиялау бағдарламалары іске асырылады.  Сондай-ақ, кредиттер/лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемелерін арзандату жалғасады», - деді Айдарбек Сапаров.

Орталық коммуникациялар қызметінен